Қазақстанда 41 градусқа дейін ыстық болады » Новостной портал Казахстана — Daynews.kz

Фото: из открытых источников

19-21 тамыз аралығында Қазақстанда жылы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Daynews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Ауқымды антициклонның әсерінен еліміздің барлық аумағында жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста фронтальдық бөліктердің өтуімен өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел өтеді.

«Ауа температурасы күндіз солтүстікте 23-30 градус жылы, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 25-40 градусқа дейін, орталық пен шығыста 17-35 градусқа дейін көтеріледі», – делінген синоптиктердің хабарламасында.

Сонымен қатар, Қазақстанның батысында ыстық ауа райы сақталады, температураның негізгі аясы 32-41 жылуды құрайды.

Etiketter:

Stängt för kommentarer