Қазақстанда «Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық» құрылады » Новостной портал Казахстана — Daynews.kz

Фото: pixabay.com сайтынан алынды

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Daynews.kz. Атамқұлов атап өткендей, тұрғын үй кезегін азайту үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» негізінде «Отбасы банк» институты пайда болған. Оның жұмысы халықтың әлеуметтік осал тобын баспанамен қамтамасыз ету. Ал, енді осы банк негізінде тағы бір орталық құрылатыны хабарланып отыр. 

«Отбасы банкі» базасында «Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық» құрылады, ол орталық тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алалады, сондай-ақ тұрғын үйдің қолжетімді сатысына сәйкес тұрғын үйді кезекке қою күнін орталықтандырып, бөледі. «Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың» базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграцияланады. Базаға қайта енгізуге жол берілмейді, азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады», — деді бүгін Үкімет отырысында Бейбіт Атамқұлов. 

Министрдің айтуынша, жалпы, 2020 жылы Қазақстанда 15,3 млн.шаршы метр тұрғын үй салынған. Жыл сайын мемлекет қорынан баспана алу үшін 50 мың адам кезекке тіркеледі екен. Қазір Қазақстан бойынша 548 мың адам баспана кезегінде тұр. Теги: баспана, тұрғын үй, кезек, Отбасы банк

Etiketter:

Stängt för kommentarer