Қазақстанда жаңбыр мен бұршақ жауады » Новостной портал Казахстана — Daynews.kz

Фото: Pixabay.com

Қазақстанның біраз аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, деп хабарлайды Daynews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанда найзағаймен қысқа мерзімді жаңбыр жауады, бұршақ жаууы және екпінді жел болжанады.

«Республиканың барлық өңірлерінде температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты: батыста түнде 17-22, күндіз 32-39 жылу, солтүстікте түнде 13-18, күндіз 30-35 жылу, орталықта және республиканың шығысында түнде 11-17, күндіз 27-33 градус, оңтүстікте түнде 15-22, күндіз 32-39 жылу», — делінген хабарламада.

Etiketter:

Stängt för kommentarer