Қазақстандық боксшы жастар арасындағы Азия чемпионатында ең шебер деп танылды » Новостной портал Казахстана — Daynews.kz

Фото: olympic.kz

БАӘ-де бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Ең техникалық боксшы ретінде Елнұр Сүйімбай арнайы сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды Daynews.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Сүйімбай 63,5 келіге дейінгі салмақта ұтты.

Биылғы жылы Польшада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық күміс медаль жеңіп алды.

БАӘ-де біздің команда өз активіне сегіз алтын, екі күміс және екі қола медальді жаза алды.

Etiketter:

Stängt för kommentarer