ҚР СІМ: көп жылғы қақтығысты ауған халқының өздері шешуі тиіс » Новостной портал Казахстана — Daynews.kz

Фото: МИД РК

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жағдай бойынша ресми мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Daynews.kz.

Ведомство Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың дамуын мұқият қадағалап отырғанын атап өтті.

«Бұл елдің тарихында тағы бір шешуші сәт келе жатыр. Көпжылдық жанжалды Ауған халқы шешуі керек. Қазақстан барлық тараптарды ішкі тұрақтандырудың басты алғышарты ретінде биліктің бейбіт транзитін қамтамасыз етуге шақырады», – делінген хабарламада.

ҚР СІМ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің инклюзивті және репрезентативті үкімет құру, ұлттық азшылықтар мен әйелдердің құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу, халықаралық құқықты сақтау туралы мәлімдемесін қолдайды.

Бұл ережелерді орындау Ауғанстанның жаңа билігімен диалогты бастау үшін қажетті шарт болуы керек, деп санайды елдің сыртқы саясат ведомствосы.

Etiketter:

Stängt för kommentarer