Фото: olympic.kz
БАӘ-де бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Ең техникалық боксшы ретінде Елнұр Сүйімбай арнайы сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды Daynews.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Сүйімбай 63,5 келіге дейінгі салмақта ұтты.
Биылғы жылы Польшада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық күміс медаль жеңіп алды.
БАӘ-де біздің команда өз активіне сегіз алтын, екі күміс және екі қола медальді жаза алды.