БҒМ «Алтын белгіге» үміткерлерге қойылатын талаптарды қатаңдатады » Новостной портал Казахстана — Daynews.kz

Фото: из открытых источников

БҒМ жаңа оқу жылынан бастап «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер оқушыларға қойылатын талаптарды қатайтады, деп хабарлайды Daynews.kz.

«Біз жыл сайын ережелерді кезең-кезеңімен қайта қараймыз. Өткен жылы қатаңдату туралы мәселе көтеріліп, бірқатар өзгерістер енгізілді. Биыл екінші кезең. Ол үміткерлердің тек жыл қорытындысы бойынша ғана емес, әр тоқсанда 5 — тен 11-сыныпқа дейін бестік болуы тиіс екенін білдіреді», — деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Бұған дейін тамыз конференциясында ведомство басшысы мұғалімдер қандай оқулықтар бойынша жұмыс істеуді таңдай алатынын айтқан болатын. Ол сондай-ақ білім және ғылым министрлігі мектеп директорларының жалақысын оқушылар санына байланысты қайта қарайтынын хабарлады.

Etiketter:

Stängt för kommentarer