Депутаттар жас отбасылар ипотекасын субсидиялауды ұсынды » Новостной портал Казахстана — Daynews.kz

Фото: pixabay.com

«Ақ жол» фракциясының депутаттары жас отбасылар үшін әр бала туған кезде 25% мөлшерінде ипотекалық кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау ұсынысын қайта жолдады, деп хабарлайды Daynews.kz.Халықтың әлеуметтік топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Үкімет бірнеше бағыттар бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда. Осы орайда «Ақ жол» фракциясы жас отбасыларды қолдау мен бала тууды ынталандыруды аса маңызды деп санайды.Біз тұрғын үй алу және бала табу мүмкіндігін алғашқы махаббатқа сенетін, тұрмыстың тауқіметі сезімдерін суытпаған жас отбасыларға беру керек деп сенеміз.

Қазіргі халық тығыздығы бір шаршы шақырымға 6-7 адамнан келеді, демография ұлттық қауіпсіздік пен аумақтық тұтастықта маңыздылыққа ие. Бұдан басқа, кейбір бағалаулар бойынша, аумақ ресурстарының толыққанды жұмыс істеуі үшін Қазақстанның шамамен 60 млн. халқы болуы қажет. Егер де (1920-30 жылдардағы) откен ғасырдағы ашаршылық жылдарында қазақтардың 70%-ы қаза таппағанда, бізде халық саны осы шама болар еді.

Мемлекеттік бағдарламалар бұл мәселенің маңыздылығын бағаламайды деп санаймыз!

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы іске асуруда (бастапқы жарна кемінде 10% болған кезде жылдық 2%-бен 20 жыл мерзімге қарыздар жеңілдікпен беріледі Тұрғын үй бастапқы және қайталама нарықтағы болуы мүмкін). Бірақ ол әкімдіктерде кезекте тұрғандарға ғана қолданылады. Алайда кезекке тек мүгедектер, көп балалы отбасылар, ардагерлер немесе жетімдер қойылады.  

Отбасын жаңадан құрған, қол-аяғы сау, бірақ әлі өз ұясына қаражат жинап үлгермеген жастар не істеуі керек? Олар қашан балалы болады? Көп балалы отбасылар қайдан пайда болсын? (4 бала бірден туыла салмайды ғой, 99% жағдайда балалар бір-бірден туылады.)Қазірғы жағдайда Үкіметтін қолдауымен ия  жағдайы бар   ата -аналары болмаса, жас жануялардың   пәтер алуға мүмкіншілігі жоқ. 

Олар пәтерге ақша жинап болғанда жастары 40-тан асып қалады, бұл жаста, көп бала туа алмайсың. Осы уақытқа дейін генетика да нашарлады, дәрігерлердің айтуынша, ерлер мен әйелдердің үштен бірі 40 жастан кейін және одан да ертерек бедеулікке ұшырайды!

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қабылданған 7-20-25 бағдарламасы жас отбасыларға белгілі бір қолдау көрсетті. Осы бағдарламаны тұрғын үй құрылысына іске асыру және осы секторға жеке инвестицияларды тартуға серпін берді.Бірақ жақында ғана осы және басқа бағдарламаларды тоқтату туралы айтылды, бұл хабар өте түсініксіз реакцияға негіз болды.Осыған байланысты, «Ақ жол» демократиялық партиясы жас отбасылар үшін әр бала туған кезде 25% мөлшерінде ипотекалық кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды енгізу туралы 2013 жылда айтылған ұсынысына қайта оралады.Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бизнесті кредиттеу кезінде мемлекеттік және жеке мүдделерді ұштастыру құралы ретінде өзін жақсы жағынан көрсетті. Бұл табысты тәжірибені әлеуметтік бағдарламаларға да тарату керек деп санаймыз.Сонда екі баласы бар отбасы мөлшерлеменің жартысын төлейді, ал үлкен отбасы, күтілгендей, пайызсыз баспана алады; бірақ 10 жыл кезекте тұрғаннан кейін емес, 4-ші бала туылған кезде бірден.Бұл шара жас отбасыларды бірден балалы болуға ынталандыруға мүмкіндік береді, ал екінші деңгейдегі банктер ипотеканы белсенді түрде кредиттеуге мүмкіндік алады.Бүгінгі таңда, керісінше, банктердегі ипотеканы минимумға дейін төмендеді.Ипотеканы субсидиялау пәтерді мемлекеттен сыйлық ретінде күтетін масылдықты азайтады.   Егер субсидиялар мүмкін болса, жас отбасылар ең болмағанда бірінші кезеңде несие төлеу үшін жұмыс істеуге және ақша табуға тырысады, бірақ әр баланың туылуымен отбасылық бюджетке жүктеме азаяды.Қазіргі тәжірибенің орнына, ұсынылып отырған бұл тәсіл тұрғын үйге бола ажырасу жағдайлары өршіп бара жатқан сәтте отбасы институтын нығайтады. 

Біз мемлекеттен отбасыларға назар аударуды және салауатты демографияны қолдауды сұраймыз.

Etiketter:

Stängt för kommentarer