DayNews » Лента новостей » Қазақстанда 276 елді мекенді көктемде су басуы мүмкін

Қазақстанда 276 елді мекенді көктемде су басуы мүмкін

Сурет express-k.kz сайтынан алынды


Қазақстанда  270 мыңнан астам халық тұратын 276 елді мекенді көктемде су басуы мүмкін. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды Daynews.kz. 

Елді мекендерді су тасқынынан сақтау үшін үкімет 2023 жылға дейінгі жол картасын дайындап, оған 160 млрд теңгеден астам қаражат қарастырған. 

"Осы жол картасын орындау үшін шамамен 160 млрд теңгеден астам қаражат кетеді, республикалық бюджеттен 131,6 млрд теңге, жергілікті бюджеттерден 28,6 млрд теңге бөлінеді", - деп түсіндірді үкімет отырысында Юрий Ильин. 

Осы мәселелерге қатысты баяндамаларды тыңдаған премьер-министрі Асқар Мамин экология министріне әкімдермен бірлесіп, бір ай ішінде гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мерзімін анықтауды тапсырды. 

"Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері қараусыз жатқан гидротехникалық құрылыстар бойынша меншік құқығын беру мәселесін заңнамаға сәйкес аяқтасын. Екінші, индустрия министрлігі мен әкімдіктер автожолдарды су басуға жол бермесін, көпірлер мен су өткізу құрылыстарын уақытында дайындасын. Әкімдер қарды уақытында тазаласын", - деді Асқар Мамин. 

Осы мәселелердің барлығын үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр бақылауда ұстауы тиіс. 


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: