DayNews » Соңғы жаңалықтар » БҒМ "Алтын белгіге" үміткерлерге қойылатын талаптарды қатаңдатады

БҒМ "Алтын белгіге" үміткерлерге қойылатын талаптарды қатаңдатады

Фото: из открытых источников


БҒМ жаңа оқу жылынан бастап "Алтын белгі" төсбелгісіне үміткер оқушыларға қойылатын талаптарды қатайтады, деп хабарлайды Daynews.kz.

"Біз жыл сайын ережелерді кезең-кезеңімен қайта қараймыз. Өткен жылы қатаңдату туралы мәселе көтеріліп, бірқатар өзгерістер енгізілді. Биыл екінші кезең. Ол үміткерлердің тек жыл қорытындысы бойынша ғана емес, әр тоқсанда 5 - тен 11-сыныпқа дейін бестік болуы тиіс екенін білдіреді", - деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Бұған дейін тамыз конференциясында ведомство басшысы мұғалімдер қандай оқулықтар бойынша жұмыс істеуді таңдай алатынын айтқан болатын. Ол сондай-ақ білім және ғылым министрлігі мектеп директорларының жалақысын оқушылар санына байланысты қайта қарайтынын хабарлады.

Подписывайтесь на наш телеграм! Будьте в курсе всех событий.   Подписаться!
Будьте в курсе всех событий.   Подписаться!
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: