DayNews » Соңғы жаңалықтар » Дүйсембинов: Код ауысса, азаматтардың қаржылық, әлеуметтік қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?

Дүйсембинов: Код ауысса, азаматтардың қаржылық, әлеуметтік қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?

Фото: из открытых источников


"Ақ жол" демократиялық партиясы парламенттік фраециясының Цифрландыру министірі Б.Мүсинге депутаттық сауал. Автор Мәжіліс депутаты Берік Дүсенбинов.

Сіз, 21 қыркүйекте “БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа “+997” дэф кодын белгіледі. Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда, шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады.  

Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі цифрлы сервистерді қолданғанда да, барлық жерде Қазақстан деген сигнал шығады. Кезінде КСРО тарағанда, “+7″ халықаралық телефон коды екі елге бірдей бекітілген болатын” деп мәлімдеген едіңіз.  

Жалпы, бұл жаңалықты халқымыз, әсіресе ұлтжанды азаматтарымыз цифрлық тәуелділіктен арылу және де өзіміздің цифрлық төл таңбамызды алдық деп үлкен үмітпен қуана қабылдап, қолдау білдірген еді.  

Бірақ осы саланы жетік білетін кәсіби мамандардың бұл тақырыпқа байланысты пікірлерін естіп қуанышымыз су сепкендей басылып, орнына көптеген сұрақтар туындап отыр. Енді сарапшыларының пікіріне сүйенсек, сіз айтқандай 7-і саны екі елге бірдей белгіленген код емес, ол тек географиялық аймақтың коды, ал екінші 7 тек біздің елге бекітілген сан. Яғни +77 Қазақстанның жеке коды. Қазақстаннан қоңырау шалған кезде әлемнің әр тарапынан Қазақстан деген жазу шығу үшін тек ХЭБ одағына тиісті хат жазу жеткілікті деп санайды. 

Оның үстіне екі таңбалы DEF-коды тек дамыған әрі беделді мемлекеттерде бар. Мысалы Қытайда +82, Германияда +49, Франция +33 деген сияқты. Бұл қатарда Қазақстан да бар еді. Енді еліміз бұл тізімнен өз еркімен шығып, үш таңбалы Гондурас, Сомали, Конго сияқты елдердің тізіміне қосылудың алдында тұрмыз. Ал қазақ үшін қасиетті 7 таңбасын Ресейге сыйға тартып кеттік пе? 

Мамандардың пікірінше үш таңбалы DEF-коды еліміздің болашақ абоненттік базасын едәуір қысқартып, біз ұлттық цифрлық байлық ресурсымызға өз қолымызбен шектеу қойып отырмыз.  

Жоғарыда айтылғандарды және үш таңбалы кодка көшу кезеңінде орын алу мүмкіндігі бар мәселелерді ескере отырып келесі сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз. 

1. Дамыған 38 ОЭСР мемлекеттерінің 25-і қолданатын екі таңбалы кодтан дамушы мемлекттер қолданатын үш таңбалы кодқа көшуге қандай себеп болды? 

2. Қазақстан деген жазу шығу үшін осындай цифрлық құрбандыққа бармай, оны шешудің оңай техникалық жолы бар екені ескерілмеді ме? 

3. Бүгінгі қазақстандықтар қолданып жүрген сервистер мен қосымшаларды бағдарламамен қамтамассыз етіп отырған әлемдік әзірлеуші компаниялар өздерінің кодын осындай қысқа уақытта өзгертуге дайын ба және еліміздің азаматтары күнделікті қолданып жүрген цифрлық мүмкіндіктерінен айырылып қалмай ма? 

4. Өтпелі кезеңде 77 коды көрші елге ауысатын болса олардың телекоммуникация компаниялары жетіден басталатын бұрын біздің азаматтарымызға тиесілі болған сим карталар шығара бастайды. Өзіңізге белгілі бүгінгі барлық қызмет сим картаға байланған (аккаунт, egov, әлеуметтік желі, банк, логиндер, төлемдер т.б)  

Азаматтарымыздың қаржылық, әлеуметтік т.б. қауыпсіздігі қалай қамтамассыз етіледі?  

Оның үстіне, өтпелі кезеңдегі қаржылық шығындар (азаматтардың абоненттік нөмірді ауыстыруы, т.б.) есепке алынды ма? Ол шығындарды кім өтеуі тиіс? Бюджет пе, болмаса азаматтарымыздың қалтасынан шыға ма?   

Құрметті Бағдат Батырбекұлы!  

Қазақта “аңқау елге арамза молда” деген сөз бар. Біз әрине ондай ойдан аулақпыз. Алайда, көпшілік сізді тек министр ретінде ғана емес, өз кәсібінің білікті маманы деп таниды. Сондықтан бұл қойылған сұрақтарымызға атүсті емес, толыққанды егжей тегжейлі кәсіби жауабыңызды күтеміз. 

Подписывайтесь на наш телеграм! Будьте в курсе всех событий.   Подписаться!
Будьте в курсе всех событий.   Подписаться!

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Новости партнеров

2 комментария

Turebekovadi 30 сентября 2021 17:09

что за комплекс неполноценности. Ну и что что с РФ совпадает, наследие СССР. НЕПРАВИЛЬНО ЭТО, УЖ ЗДЕСЬ МОГЛИ ОБСУДИТЬ С ОБЩЕСТВЕННОСТЬЮ...Чтобы "веселей" стало людям жить, начинают переименовывать улицы, телефонные коды, хоть временно, но отвлекая от более важных для людей дел. А по факту это не дела первой необходимости. Этой фигней с переименованиями нужно заниматься тогда, когда у всех граждан страны высокий уровень жизни, все в порядке с дорогами, качество которых все хуже и хуже с каждым годом и т.д. А не тогда, когда из-за пандемии и бесконечных кризисов уровень жизни с каждым годом людей падает, цены на всё и тарифы на комуслуги растут на фоне статичной у большинства людей ЗП, которая не растет годами.

Gulnur 1 октября 2021 23:42

Ай, ырзамын, "Ақ Жол"! Жолдаған сауалдарыңыз сауал емес, риторикалық сұрақ секілді болды-ау(жауабы айдан анық қой). 19 милионның қай-қайсысын сапалы қызметпен қамтамасыз ете аламыз дейсің... Бір номерге телефон, әр түрлі сайттар,банк карточкалары, мемлекеттік құжаттарға қатысты ресми қосымшалар тіркеліп, байланыстырылған. Оның бәрін қайта түзеп, қалыпқа келтіретіндей мамандар да, басшылық та дайын емес деп ойлаймын. Онымен қоса біздің қоғам да ондай өзгеріске дайын емес. Карантиннен ақсаңдап шығып жатқанда мұндай мәселенің өзектілігі ойнап қалады ғой... 

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: