DayNews » Соңғы жаңалықтар » «Ақ жол»: Жер асты байлықтары жеке адамдарға емес, халыққа қызмет етуі қажет

«Ақ жол»: Жер асты байлықтары жеке адамдарға емес, халыққа қызмет етуі қажет

Фото: pixabay.com


«Ақ жол» демпартиясы парламенттік фракциясының депутаттық сауалы, Вице-Премье Роман Склярға. Автор - Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев.

Партиямызға еліміздің түкпір түкпірінен келіп түскен автогаз отының тапшылығы және оның бағасының күрт өсуі жөніндегі шағымдары осы депутаттық сауалға негіз болды. Бұған дейін 50-60 теңге тұратын газ, соңғы кезде 120-150 теңгеге дейін ұлғайды.

Тіпті, қойнауы мұнай мен газға толы Атыраудың өзінде, газдың бағасы бір түнде 95 теңгеден 110 теңгеге дейін өсті. Бұның бәрі газ қожайындарының қолдан істеп отырған ісі деген сөз ел аузында жүр.

Биылғы жылдың қазан айында дизель отының тапшылығына және бағасының өсуіне куә болдық. Осы жағдайға байланысты, жүргізушілер өңірлерде ереуілге де шығып жатты.

Бұл мәселе бойынша 6 қазанда, «Ақ жол» фракциясы Энергетика министрінің атына бензин және дизель тапшылығы проблемасын шешу жолдарының бірі ретінде шағын мұнай өңдеу кәсіпорындарына жан-жақты қолдау көрсетуді және сыбайластықтың бар-жоғына тексеру жүргізуді ұсынып, депутаттық сауал жолдаған болатынбыз. Бір айдан аса уақыт өтсе де, бұл сауалға әлі күнге дейін жауап алған жоқпыз.

Сол кезде, министрлікте дизель отынының бағасы нарық заңымен реттеледі және жуырда төмендейді делінген болатын. Алайда, жағдайдың жақсаратын түрі жоқ. Ел экономикасына және тұтыну бағаларына тікелей әсер ететін дизель отының құнын бақылаудан шығарып алу, жауапсыздық және мемлекеттік емес көзқарас деп санаймыз.

Қазан айының соңында авиакеросин тапшылығына да тап болдық. Көршілес елдің энергетика министрлігінің көмегімен дизель отыны мен керосиннің мәселесі уақытша шешілген. Бірақ, дәл осы жерде «уақытша» деген сөзді естен шығармауымыз керек!

Жуырда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесі бойынша Үкіметтің жұмысын қатаң сынға алып, дизель отынының тапшылығы жасанды екендігін баса айтты.

2017 жылы Елбасы қолданыстағы үш мұнай өңдеу зауытын жаңғыртумен қатар, төртінші зауыт салу қажеттігін атап өткен болатын. Алайда, бұл бастамаға министрлік тарапынан жаңа зауыт қажет емес деген тұжырым, бүгінгі жағдайда ел экономикасына тиімділігі күмәнді болып отыр. Еліміздегі Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға екі триллион теңге жұмсалды. Ендеше, аталған зауыттардың жыл сайын жөндеуге тоқтатылуын немен түсіндіреді.

Бірақ, Министрліктің жауабы әрқашан дайын, егер, дизель отыны тапшы болса оған көршілес елдердің ауыр жүк көліктері кінәлі, ал автогаз жетпесе оған газбен жүретін көліктер санының көбеюі туралы сылтау айтылады.

Жерасты байлығымыздың тағы бір негізгі түрі – көмірдің де тапшылығы орын алуда. Оның үстіне, бағасы да тым қымбат.

Бұнда да ұятсыз спекуляция сипаты байқалады!

Мысалы, «Шұбаркөл» кеніндегі көмірдің тоннасы 5800 теңге болса, карьерден, сатып алушыға барар жолда көмірдің бағасы, 16 мыңға дейін жетеді.

Бұндай жағдайда тапшылық қолдан жасалып, бағалық сөз байласу фактілері расталса, құқық қорғау органдары да сыртта қалмауы керек.

Мемлекет басшысы айтқандай, жанар жағармайдың қымбаттауы транспорттық компаниялармен қатар, күнделікті тауарлардың да бағасының өсуіне әкеліп соқтырады.

Мемлекет өз тарапынан дағдарыс кезінде адал кәсіпкерлерден бағаны көтермеуді әрдайым талап етуді ережеге айналдырып алғандай. Қалыптасып отырған жағдайда, кәсіпкерлердің де мемлекеттен мұнай өнімдері мен көмірдің бағасын реттеуді талап ету орыны бар деп есептейміз.

Жоғарыда айтылғанды қорыта келе, «Ақ жол» фракциясының ұсыныстарын жүзеге асыру мүмкіндігін қарауыңызды сұраймыз.  

Еліміздің жерасты байлықтары шектеулі адамдардың мүдделеріне ғана емес, бірінші кезекте ішкі экономикаға жеткілікті көлемде, бизнес өкілдеріне және халыққа қол жетімді түрде қызмет етуі қажет деп санаймыз.

Подписывайтесь на наш телеграм! Будьте в курсе всех событий.   Подписаться!
Будьте в курсе всех событий.   Подписаться!
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: