Сурет pixabay.com сайтынан алынды
Сәуір айында қазақстандықтар ерікті түрде коронавирусқа қарсы вакцина қабылдай алады. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлім етті, деп хабарлайды Daynews.kz.
«Наурыз айында медицина қызметкерлерінен басқа, ұстаздарды, күш құрылымдарының қызметкерлерін еге бастаймыз. Ал, сәуір айында ақырындап халықтың басқа тобына ауысамыз, яғни, ерікті түрде вакцина алғысы келетін халықты еге бастаймыз», — деді баспасөз мәслихатында ол.
Қиясов хабарлап өткендей, Қазақстанда коронавирусқа қарсы Спутник V вакцинасының бірінші дозасы 20 157 адамға салынған. 22 ақпаннан бастап 2137 адамға екінші дозасын салып үлгердік. Бұл адамдардың арасында вакцина алғаннан кейін денсаулығы нашарлаған адамдар жоқ.