Фото: видеоның скриншоты
«Birgemiz» қорының қамқоршылық кеңесі өрттен қаза тапқан бес баланың әке-шешесіне 2 млн теңге көмек беретін болды, деп хабарлайды Daynews.kz. Бұл туралы Қоғамдық қордың төрағасы Руслан Сәкеев мәлім етті.
«Балалардың әке-шешесі ғана емес, ел үшін де орны толмас қайғы. Олардың қайғысына ортақтаса отырып, материалдық көмек жіберетін болдық», — деді Руслан Сәкеев.
Естеріңізге сала кетейік, 19 ақпан күні Жамбыл облысына қарасты Жаңатас қаласында үш бөлмелі пәтердің бір бөлмесі өртеніп, үйде жалғыз қалған бір үйдің бес баласы түтінге тұншығып өлген. Олар 2015, 2016, 2017, 2019, 2020 жылдары дүниеге келген. Сол күні балалардың әкесі жұмыста болған, ал анасы дүкенге шығып кеткен. Болжам бойынша, тез жанатын материалға шоқ тиіп, 16 шаршы метр аумақтағы балалар бөлмесі өртенген. Теги: Жаңатас, өрт, бес бала, өлім