Фото: pixabay.com сайтынан алынды
Ресейдің Орынбор облысында «Одақ» магистарлді газ құбыры жарылып, Ресейден Қазақстанға келетін газ транзиті тоқтады, деп хабарлайды Daynews.kz Ресей Фкедерациясының Энергетика министрлігіне сілтеме жасай отырып. Дереккөзіне сүйенсек, жарылыс бүгін, 2021 жылдың 23 ақпанында Ресей уақытымен таңертең болған.
«Сағат 08.49-да, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11.49-да «Одақ» газ құбырының 108 шақырымында жарылыс болды. Сондықтан құбырдың нөлінші шақырымынан бастап 123-інші шақырымына дейінгі аралағына газ жіберу тоқтады. Алексеевка газ станциясы арқылы Қазақстан Республикасына кететін газ транзиті де тоқтады», — деп хабарлайды Ресей Федерациясының Энергетика министррлігі.
Ал, Қазақстанның уәкілетті органы, яғни, ҚР Энергетика министрлігі Батыс Қазақстанға газ жеткізу үшін қосымша шаралар қабылданып жатқанын хабарлады. «Батыс Қазақстан облысының тұрғындарын газбен қамтамасыз ету үшін «Орталық Азия-Орталық»газ құбырынан ресурс алу көзделіп отыр», — деп хабарлайды біздің энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. Министрлік жағдайды бақылауға алғанын ерекше атап өткен.